Қолданыстағы ред. 27.03.2006 - 01.01.2006 (Редакция 26975_247925.kaz)

Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 27.03.2006 г. № 38-142 (Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 111 бабының 1 тармағына және 116 бабына, Қазақстан Рерпубликасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Іле аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле
ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Іле ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 6 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-10-22 нөмірімен тіркелген 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 3 (4111) «Іле таңы» газетінде жарық көрді), 2006 жылдың 23 қаңтардағы № 36-133 шешімімен «Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
2-10-24 нөмірімен тіркелген), 2006 жылдың 24 ақпанындағы № 37-136 шешімімен «Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Іле ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 6 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
2-10-25 нөмірімен тіркелген) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы
1 тармақшасында
«Кірістер» деген жол бойынша «7078321» саны «7077490» санына ауыстырылсын;
«ресми трансферттердің түсімдері» деген жол бойынша «747498» саны «746667» санына ауыстырылсын;
«сумен жабдықтау жүйесін дамытуға нысаналы трансферттер» деген жол бойынша «74380» саны «73549» санына ауыстырылсын;
2 тармақшасында
«Шығындар» деген жол бойынша «7128243» саны «7531210» санына ауыстырылсын;
3 тармақшасында
«Операциялық сальдо» деген жол бойынша «-49922» саны «-453720» санына ауыстырылсын;
6 тармақшасында
«Бюджет тапшылығы (профицит)» деген жол бойынша «-49922» саны «-453720» санына ауыстырылсын;
7 тармақшасында
«Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицит пайдалану)» деген жол бойынша «49922» саны «453720» санына ауыстырылсын;
3 тармақтағы
«қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі органдарына» деген жол бойынша «6450» саны «4200» санына ауыстырылсын;
«білім беру мекемелеріне» деген жол бойынша «1282695» саны «1284395» санына ауыстырылсын;
«тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа» деген жол бойынша «460947» саны «837544» санына ауыстырылсын;
«мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке» деген жол бойынша «15877» саны «24677» санына ауыстырылсын;
«көлік және коммуникация саласына» деген жол бойынша «17880» саны «36000» санына ауыстырылсын.

2

2. Көрсетілген шешімніц 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3

3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Келісілген:
«Іле аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығы
_______Қоңырбаев Айтқазы Қанағатұлы