Қолданыстағы ред. 31.03.2006 (Редакция 27607_325006.kaz)

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қорғалжын ауданында орындалуын қамтамасыз ету туралы от 31.03.2006 г. № 45 (Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қорғалжын ауданында орындалуын қамтамасыз ету туралы)

0

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қорғалжын ауданында орындалуын қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес Қорғалжын ауданында білім беру жүйесін одан әрі дамыту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық білім беру бөлімі (Ахатова Б.Э.):

1

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халқына дәстүрлі жолдауы негізінде 2006-2010 жылдарға дейінгі білім беру жүйесінің Қорғалжын ауданы бойынша стратегиялық даму жоспарының жүзеге асырылуы қамтамасыз етілсін.

2

2) Білім беру ұйымдары сапалы білімге қол жеткізуді камтамасыз етсін, білім беруді басқаруда одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйеде жұмыс істеуінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдірсін.

3

3) Білім беру ұйымдары Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді басым дамытуға, білім беру ұсынымдарына сәйкес 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу арқылы кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта қарап, бәсекеге қабілетті сапасын арттырсын.

4

4) Білім беру процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіп, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдірсін. Білім беру саласындағы инновациялық қызмет жандандырылсын.

5

5) Біріңғай білім беру жүйесін дамытудың мониторингі және оны болжау жүйесі, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін пайдалансын. Осы мақсатта педагог қызметкерлерге мемлекеттік қолдау күшейтіліп, олардың еңбегін ынталандыру тетіктері жетілдірілсін.

6

6) Білім беру жүйесінің жұмысын талдап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру кешенді тестілеу нәтижелері бақылауға алынсын. Білім беру сапасын бағалау «Білім» бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар негізінде жүзеге асырылсын.

7

7) Жыл сайын ауыл мектептерін қазіргі заманға лайық компьютерлендіруді, барлық деңгейдегі білім беру оқытушыларын даярлап және қайта даярлаудан өткізуді қамтамасыз етсін.

8

8) Мектепге дейінгі және орта білім беру жүйесі 12 жылдық орта білім беруге кезең-кезеңмен өту жүзеге асырылсын.

9

9) Жасөспірімдер арасында қылмыс жасаудың алдын алу мақсатымен тәрбие жұмысын нығайтуды, балалардың сабақтан тыс және демалыс уақытын ұйымдастырып өткізуді қадағаласын.

10

10) Аудандық экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімі (Ахметов С.А.) және аудандық қаржы бөлімімен (Рыспаева Б.Қ.) бірлесе 2006-2010 жылдар аралығында білім беру саласын қаржыландырудың жаңа тетіктерін пайдалану қарастырылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.