Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы
26 қазандағы «Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы» № 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 387-баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 26 қазандағы «Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы» № 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 31.10.2006 г. № 207 (Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 26 қазандағы «Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы» № 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
1. Аудандық мәслихаттың 26 қазан 2005 жылғы «Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы» Аманкелді ауданының Әділет басқармасындағы 2005 жылғы 9 қарашадағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-20 («Аманкелді арайы» газетінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 51 санына жарияланған) № 131 шешімінің 2-тарау 13-тармағындағы «қоғамдық» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылып, 5-тараудағы 33-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.