Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 48 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңынын 28-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 48 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 08.08.2008 г. № 189 (Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 48 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 48 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3359, 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 10 аудандық «Науырзым» газетінде жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-бөлімнің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеудегі жұмыс берушінің шығындары 1,5 ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінде бюджет қаражатынан қайтарылады.»;
3-бөлімнің 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін еңбекақысына заңнамада белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.».
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.