Қолданыстағы ред. 24.12.2004 (Редакция 22614_327716.kaz)

2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы от 24.12.2004 г. № 259/18 (2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы)

0

2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5 бабына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қамтылмаған санаттар жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс табуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Тұрғындардың нысаналы топтары құрамына кіретін тұлғалардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2

2. Аудандық тұрғындардың жұмыспен қамту бөлімі кәсіпорындар мен ұйымдармен келісімшарттар бойынша 60 (алпыс) тұрғындардың нысаналы топтары жұмыссыздары әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.

4

4. Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жұмыс берушілермен олардың тапсырыстары негізінде жасасын.

5

5. «2004 жылы Железин ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 02/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын (МТН 2292, 2004 жылғы 13 ақпаннан, аудандық «Родные просторы» газетінің 2004 жылғы 6 наурыздағы № 2 санында жарияланған).

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Мардановаға жүктелсін.

7. Железин ауданы бойынша тұрғындар нысаналы топтарының тізбесі

Железин ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «24» желтоқсан
«2005 жылы Железин ауданы бойынша
тұрғындарды жұмыспен қамту
саласында азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар
туралы» № 259/18 қаулысымен бекітілді
Железин ауданы бойынша тұрғындар нысаналы топтарының тізбесі

1

1. Дәулеті шамалы, тұрмысы нашарлар.

2

2. 24 жасқа дейінгі жастар.

3

3. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғыз, көп балалы ата-аналар.

4

4. Жалғыз азаматтар.

5

5. топ мүгедектері.

6

6. Бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан тұлғалар.

7

7. Репатрианттар (оралмандар).

8

8. 50 жасты және одан жоғары тұлғалар.

9

9. Бір де бір жұмыс істейтін кісі жоқ отбасылардың жұмыссыздары.

10

10. Бір жылдан астам, көп уақыт жұмыс істемеген тұлғалар.

18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулық

Железин ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «24» желтоқсан
«2005 жылы Железин ауданы бойынша
тұрғындарды жұмыспен қамту
саласында азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар
туралы» № 259/18 қаулысымен бекітілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық тұрғындары нысаналы топтарының жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастыру ретін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын ұйымдармен (меншік нысанына тәуелсіз) есеп айырысу жүйесін және негізгі шарттарын реттейді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:

1

1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмысқа алынған қызметкерлер еңбегін төлеу үшін жұмыс берушінің жіберген шығындарын жергілікті бюджет қаражатын есебінен бөлшектеп өтейтін жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарда тіркелген тұрғындардың нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс беруші арнайы ұсынатын немесе жасайтын жұмыс орны.

2

2) нысаналы топтар – «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен жұмысқа орналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды талап ететін деп белгіленген адамдар тобы.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарда орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілер таратылады.

3

3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу олардың келісімі бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімімен жүзеге асырылады.

2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру реті және оларға жұмыссыздарды орналастыру

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру реті және оларға жұмыссыздарды орналастыру

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындары тұрғындардың нысаналы топтарының жұмыссыздары үшін 6 айға дейін аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс беруші арасындағы келісімдер бойынша арнайы жасалады.

5

5. Тұрғындардың нысаналы топтарының жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындары қабылданған жұмысшы еңбегінің бөлшектік төлемақысы жергілікті бюджет есебінен төленетін шарт негізінде жұмыс берушімен ұсынылады немесе жасалынады.

6

6. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастыруын ұсынатын кәсіпорындар іріктеуін тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімі жүзеге асырады.

7

7. Әлеуметтік жұмыс орындарына кәсіпорындар мен ұйымдармен қабылданған жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдар есебінен шығарылады.

8

8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар еңбегінің ақысы Қазақстан Республикасының нормативтік – заңнамалық актілеріне сай жұмыс берушімен белгіленеді.

3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары

9

9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері: жұмыс берушілер мен жергілікті бюджеттер қаражаттары.

10

10. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру «Жұмыспен қамту бағдарламасы» 002 бағдарлама «Тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар» 102 кіші бағдарлама бойынша жүзеге сады.

11

11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшының еңбекақысының бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеуге жұмыс берушілермен келісімшарт жасайды.

4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ретін бақылау

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ретін бақылау

12

12. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Нұсқаулығының сақталуына бақылауды заңдылықпен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.