Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 25.08.2006 г. № 222 (Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-34, 2006 жылғы 5 шілдеде № 15 «Науырзым» аудандық газетінде жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынған бағаларды 60 пайызға азайту жолымен түзету белгіленсін».
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.