Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 15.09.2006 г. № 184 (Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 15 мамырдағы № 123 "18 жасқа дейінгі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» 2006 жылы 14 маусымда тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 9-9-41, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 25 (7823) санында жарияланған қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағындағы «он» деген сан «алпыс» деген санмен ауыстырылып, өзгертілсін.
2. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Әубәкіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.