Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан, түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" № 1092 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің» 30-тармағына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан, түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 03.01.2007 г. № 2 (Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан, түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемакылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы», Аманкелді ауданының әділет баскармасындағы 2006 жылғы 15 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-36 («Аманкелді арайы» газетінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 25 санында жарияланған) № 123 қаулысының:
1) 1-тармағы толығымен алынып тасталсын;
2) 2-тармағындағы «10 пайызға» деген сөздер «30 пайызға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 тамыздағы «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік кәртішкеде келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы», Аманкелді ауданының әділет басқармасындағы 2006 жылғы 18 қыркүйектегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-41, № 179 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
4. Аталған қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.