Қолданыстағы ред. 08.02.2007 (Редакция 32828_326272.kaz)

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 08.02.2007 г. № 37-229-III (Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 36-209-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазакстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9, 116 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мақтаарал аудандык мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №36-209-III шешіміне (2006 жылғы 25 желтоқсанда 14-7-35 нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1)1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мақтаарал ауданының 2007 жылға арналған бюджеті №1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1)кірістер - 5744851 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 873105 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 5681 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 91473 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 4774592 мың теңге.
2)шығындар - 5635386 мың теңге.
3)операциялық сальдо - 109465 мың теңге.
4)таза бюджеттік кредит беру - - 1597 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1597 мың теңге.
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 32427 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу — 32427 мың теңге.
6)бюджет тапшылығы (профициті) - 78635 мың теңге.
7)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 78635 мың теңге, оның ішінде:
қарыздарды өтеу - 88463 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 9828 мың теңге.»
2-тармақтағы «12000» саны «6700» санымен ауыстырылсын.
№1 қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Осы шешім Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.