Қолданыстағы ред. 17.03.2006 (Редакция 27446_322499.kaz)

«Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 17.03.2006 г. № 164 («Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

«Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Аманкелді ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. «Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 шешіміне («Аманкелді арайы» газеті, 8 қаңтар, 2006 ж., № 2, мемлекеттік тіркеу номері 9-6-24) «Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 146 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 156 мәслихат шешіміне («Аманкелді арайы» газеті, 6-10 ақпан, 2006 ж., № 6, мемлекеттік тіркеу номері 9-6-26) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бірінші қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) түсімдер - 493353 мың теңге, оның ішінде:
кірістер бойынша - 77341 мың теңге;
облыстық бюджеттен бөлінген субвенция - 316822 мың теңге;
ағымдағы трансферттер - 99190 мың теңге;
2) шығындар - 494178 мың теңге;
3) бюджет қаражатының бос қалдығын бюджет тапшылығын қаржыландыруға - 825 мың теңге»;
аталған шешімнің бірінші қосымшасы жаңа редакцияда берілсін.

2

2. Осы шешім әділет басқармасынан тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

3. Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті

Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 17 наурыздағы
№ 164 шешіміне
1-қосымша
Аманкелді ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті