Қолданыстағы ред. 20.10.2006 (Редакция 30211_251050.kaz)

2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлау туралы от 20.10.2006 г. № 14 (2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлау туралы)

0

2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери- техникалық мамандар даярлау туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Қарулы Күштері үшін 2006-2007 жылдарда әскери-техникалық мамандар даярлау жөніндегі тапсырысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

1

1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім әскери-техникалық мамандарды автомобильдер мен бронетранспортерлердің жүргізушісіне даярлауды Өскөмен жене Семей қалаларындағы әскери-техникалық мектептерінде 2 кезеңмен оқытуды ұйымдастырсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери- техникалық мектептерінің филиалдарында «2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін мамандар даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар жоспары» бекітілсін. (№1 қосымша)

3

3. Ауыл әкімдеріне, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы подполковник А.Ж.Қарабиевке:

1

1) Жоспарға сәйкес оқу топтарын дер кезінде мамандармен сапалы толықтыруды және әскери-техникалық мектептерге беруді қамтамасыз етсін.
Кезекті әскери қызметке шақыруға әскери-техникалық мамандығы барлар ішінен әскери қызметке денсаулығы жөнінен жарамды және сотты болмағандар тартылсын;

4

4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне курсанттардың сабақтарға қатысуын, олардың арасындағы тәртіп пен ұқыптылықты бақылауды, әскери-техникалық мамандардың даярлығын және олардың оқу бағдарламасын меңгерулерін тексеруді және даярланған әскери- техникалық мамандарды алған мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына жіберуді қамтамасыз етсін.

5

5. Аудан әкімінің 2004 жылғы 12 қазандағы № 643 шешімінің күші жойылсын.

6

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиевке жүктелсін.
Аудандық қорғаныс жөніндегі
бөлімінің бастығы
А. Қарабиев