Қолданыстағы ред. 14.07.2006 (Редакция 29332_339473.kaz)

Аудан бойынша 2006 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 14.07.2006 г. № 155 (Аудан бойынша 2006 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Аудан бойынша 2006 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

2

2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі № 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Селолық округ әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын басшыларына осы қаулыдан туындайтын шараларды орындау ұсынылсын.

5

5. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бекжанов) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
С.Н.Хангереевке жүктелсін.

7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі
№ 155 қаулысына № 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
Нысандардың аттары
Адам саны
1.
Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты
100
2.
Ащысай селолық округі өкімі аппараты
25
3.
Алмаз селолық округі әкімі аппараты
22
4.
Ақбулақ селолық округі әкімі аппараты
22
5.
Белогор селолық округі өкімі аппараты
23
6.
Қарағаш селолық округі әкімі аппараты
30
7.
Қызылкөл селолық округі әкімі аппараты
30
8.
Лубен селолық округі әкімі аппараты
23
9.
Полтава селолық округі өкімі аппараты
23
10.
Шыңғырлау селолық округі әкімі аппараты
11.
Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі
1
12.
Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша)
6
13.
Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
5
14.
Шыңғырлау ауданының психологиялық түзеу кабинеті (келісім бойынша)
4
15.
«Шыңғырлаукомтехсервис» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
3
16.
Шыңғырлау бөлімі ауданының білім беру
4
17.
Шыңғырлау аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
4
18.
Шыңғырлау ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі (келісім бойынша)
3
19.
Шыңғырлау ауданының тұрғын үй- коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
6
Барлығы
340

8. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі
№ 155 қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

1. Елді-мекендердің, санитарлық тазалықтарын сақтау, қоқыстарын шығару;

2

2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жөндеу жұмыстарына көмектесу;

3

3. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру; мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру;

4

4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу;

5

5. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру;

6

6. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты қосымша көмек көрсету;

7

7. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау;

8

8. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау;

9

9. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жоюға, залалсыздандыр ұйымдастыру;

10

10. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуу, күзет ұйымдастыруға көмек көрсету.

19. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 155
қаулысымен бекітілген
№ 3 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі

1

1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілерді сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.

2

2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері Шыңғырлау ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шар негізінде анықталады. Келісім шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.

3

3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

4

4. Жұмыстардың көлеміне, сапасына байланысты, құрылыс салу күрделі жөндеу жұмыстарына төменгі жалақыға қосымша 50 пайы мөлшерінде үстемеақы төленеді.

5

5. Атқарылған жұмысқа жұмыс берушінің қабылдау актісі толтырылып ай сайың Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөліміне тапсырылады.

6

6. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс

7

7. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңына сәйкес екі жақты жеке келісім-шарт жасалады және соның негізінде бұйрық береді немесі өкім шығарып жұмысқа алады.

8

8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдауынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметті жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

9

9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын селолық округ әкімдері мекеме басшылары әр айдын 20-на атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.