Қолданыстағы ред. 24.04.2007 (Редакция 29574_189939.kaz)

Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы от 28.07.2006 г. № 18-5 (Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы)

0

Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"» Кодексінің 462-бабына, Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10-бабындағы 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 109-ө "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 4187 болып тіркелген бұйрығының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 12-6 "2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем (ставкалар) нормативтері туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1632 болып тіркелген, 2006 жылдың 5 қаңтарында "Ақ жол" және «"Знамя труда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған
органы қорғау басқармасының бастығы
________________ И.Ж.Әлиев
________________ 2006 жыл
Жамбыл облысы бойынша
салық комитетінің төрағасы
______________ Н.Ш.Ысқақабаев
______________ 2006 жыл

3. Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары

Жамбыл облыстық мәслихатының
2006 жылғы 28 шілдедегі
18-5 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары
теңге
р/с №
Көрсеткіштер
өлшем бірлігі
Уыттылық сыныбы
Ставкалар
1
Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
шартты тонна
394
2
Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары:
тонна
165
этилденбеген бензин үшін;
тонна
дизель отыны үшін;
тонна
сұйытылған газ үшін;
тонна
сығындалған газ үшін.
тонна
3
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері:
су объектілеріне;
шартты тонна
7857
экрандалған жинауыштарға;
шартты тонна
3928
экрандалмаған жинауыштарға;
шартты тонна
5612
сүзілу алаңдарына;
шартты тонна
1033
суармалы егіс танабы.
шартты тонна
5612
4
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда ораналастыру
тонна
V
120
тонна
IV
240
тонна
III
480
тонна
II
1920
тонна
I
3840
5
Аршынды жыныстар
тонна
V
3,6
6
Ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары (қи, құс саңғырығы) (1 тонна үшін)
тонна
9,2
7
Сынабы бар пайдаланудан шыққан шамдар
дана
I
969
Ескерту:
2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" N 884 қаулысына сәйкес 107,0 пайызды құрайтын 2005 жылғы төлем ставкаларының тұтыну бағасының индексіне түзету енгізу жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 02-1-2 6/2565-и нұсқауы бойынша белгіленген.