Қолданыстағы ред. 20.09.2006 (Редакция 29994_347387.kaz)

2006 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 20.09.2006 г. № 14/03 (2006 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

2006 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және 2006 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық шақыру комиссия қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Ауыл және кент әкімдері:

1

1) 2006 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1979-1988 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2

2) әскерге шақырылғандарды жеткізу жөніндегі және медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.

3

3. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.

4

4. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен және орта медициналық құраммен жасақтасын.

5

5. «Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Асхат Нұрмұхаммедұлы Канафин - келісім бойынша) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұсталуын, әскерге шақырғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.

7

7. Нұра ауданының мәдениет және тілдері дамыту бөлімі (Рабиға Қосанқызы Құтжанова) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың әскери-патриоттық тақырыптарға өнерін көрсетуді ұйымдастырсын.

8

8. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруына байланысты, осы мақсатқа бюджетте бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.

9

9. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі «2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (2006 жылдың 16 мамырында мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі тіркелінген №8-14-22) № 07/43 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

11

11. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің
бастығы
Қ.Ш.Жолболдин
20.09.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
А.Н.Канафин
20.09.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
20.09.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаменті» мемлекеттік
мекемесінің Нұра аудандық
филиалының бастығы
Г.Қ.Досполова
20.09.2006 жыл

14. Аудандық шақыру комиссияның құрамы:

Қосымша
аудан әкімдігінің
2006 жылғы «20» қыркүйектегі
№ 14/03 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық шақыру комиссияның құрамы:

1

1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - комиссия төрағасы,
аудандық корғаныс істер
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)

2

2. Даутов Олжас Маратұлы
- комиссия төрағасының
орынбасары, аудан әкімі
аппаратының жетекші маманы

3

3. Оспанова Алтыншаш Оміржанқызы - комиссия хатшысы,
аудандық қорғаныс
істер жөніндегі
бөлімінің әскери міндеттілерді
шарт бойынша қызметке алу және
шақыру бөлімше бастығының
алғашқы әскери дайындығы және
әскери техникалық мектеп
жөніндегі көмекшісі
(келісім бойынша)

4

4. Есжанов Жанболат Зейнілұлы - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)

5

5. Гизатуллина Лилия Фанауиқызы - аудандық медициналық
бірлестігінің терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)

6

6. Қалитов Сағдат - аудандық қорғаныс істер
бөлімінің әскери міндеттілерді
шарт бойынша қызметке алу және
шақыру бөлімшесінің бастығы
(келісім бойынша)