2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 12.11.2007 г. № 194 (2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 10 «Аудан бойынша 2007 жылғы әлеуметтік көмектер көрсету туралы» (Аудандық әділет басқармасында 2007 жылғы 17 наурызда тіркелген, тіркеу № 7-13- 42, аудандық «Серпін» газетінде 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 17 (958) санында жарияланған) қаулысы мынадай мазмұндағы 2-1. тармақпен толықтырылсын:
«2-1. 2007 асылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік төлемдер белгіленсін».
2. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін.