Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 118
«Әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы «Аманкелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Аманкелді ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-45 "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы 2 нөмірінде жарияланған) № 212 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 118 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 28.10.2007 г. № 201 (Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 118 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 118 (Аманкелді ауданы Әділет басқармасындағы 2007 жылғы 26 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-57, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2007 жылдың 18 мамырдағы 19 нөмірінде жарияланған) қаулысының 1-тармағы төмендегі мәтендегі 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Азық-түлік себеті мөлшерінің өсуіне байланыста, 2007 жылдың 4-тоқсанына, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтылған азаматтарға (жанұяға) айына 0,5 айлық есептік көрсеткіштің (546 теңге) немесе 1638 теңге бір жолғы әлеуметтік көмек төленсін.».
2. Қабылданған шешім туралы Аманкелді ауданының Әділет басқармасына және ол бұдан бұрын жарияланған ресми басылымдарға хабарлансын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он кунтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.