К.Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат
тәрбиеленушілерін 2007-2008 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан
жеңілдікпен босату туралы
Қазақтстан Республиксының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңның 6 бабының 4 тармағының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңның 6 бабының 4 тармағының 14 тармақшасына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2007-2008 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы от 21.09.2007 г. № 347 (К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2007-2008 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы)
1. К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатта тұратын балалардың ішетін тамақтарына ақы төлеу мөлшері комиссия шешіміне сәйкес жүргізілсін (тізім қоса тіркеледі).
2. Бір балаға орташа бір тәулік шығыны нақты тамақ ішетін күніне қарай босатылсын.
3. 2007 жылдың 13 ақпанындағы мемлекеттік тіркеу № 5-6-47, № 1380 Аягөз ауданы әкімиятының “К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерін 2006-2007 оқу жылында тамаққа төлейтін төлемақыдан жеңілдікпен босату туралы” қаулының («Аягөз жаңалықтары» газеті № 10 (5801 23.02.2007) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Әзімбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Аягөз аудандық әкімдігінің
“21 ” 09. 2007 жылғы
№ 347 қаулысына қосымша
К. Бозтаев атындағы орта мектеп жанындағы интернатта
тұратын балалардың ішетін тамақтарына ақы төлеу мөлшері.