Қолданыстағы ред. 04.06.2008 (Редакция 40540_346289.kaz)

«Меңдіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 04.06.2008 г. № 188 («Меңдіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

«Меңдіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, халықтың ең осал жіктерін әлеуметтік қорғау мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Меңдіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 «2008 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 56 қаулысына («Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 15 жарияланған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-76) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«5) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек- балаларға әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап, ай сайын оқу кезінде айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде».

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.