Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» № 287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 3,13,14 тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» № 287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы от 15.04.2008 г. № 76 (Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» № 287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы)
1. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін атқару туралы» Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №287 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №4-6-63 «Дендер» №3 (7634) газетінде 2008 жылдың 18 қаңтарында жарияланған, «Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қабылдандыру тәртібін атқару туралы» №287 қаулысына толықтыру енгізу туралы» аудан әкімиятының 2008 жылғы 26 ақпандағы №51 қаулымен толықтыру енгізілген мемлекеттік тіркеу №4-6-67 «Дендер» №15 (7646) газетінде 2008 жылдың 11 сәуірінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстың нақты санаттарының 14-тармағындағы «азамат есепке алынбайды және» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңдігереевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.