Қолданыстағы ред. 23.04.2008 - 01.01.2008 (Редакция 39187_328460.kaz)

Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 23.04.2008 г. № 6/1-04 (Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 5-бабы 3-тармағына, 111-бабы 1,4-1-тармақтарына, 116-бабы 1,3,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2008 жылдың 16 сәуірдегі № 204 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» №3/2-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 қаңтарда 14-14-42 - нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда «Шамшырақ» газетінің 4-5 нөмірінде ресми жарияланған, 2008 жылғы 11 ақпандағы «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4/1-04 шешімімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 ақпанда 14-14-48 - нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 ақпанда «Шамшырақ» газетінің 13-14 нѳмірінде ресми жарияланған) мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1)тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Түлкібас ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) тармақшадағы:
1)кірістер - 3164760 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 408048 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3563 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 84119 мың теңге;
трансфертгердің түсімдері - 2669030 мың теңге;
2)шығындар - 3172643 мың теңге;
3)операциялық сальдо - -7883 мың теңге;
4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
6)бюджет тапшылығы - -7883 мың теңге;
7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7883 мың теңге.

2

2) тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
2. Аудан әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 3682 мың теңге соммасында белгіленсін.
Аталған шешімнің 1,4 қосымшалары осы шешімнің 1,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.