Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексінің 5 бабы 3 тармағына, 111 бабы 1,2-1 тармағына, 116 бабы 1,3,5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағы 1) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2008 жылдың 5 қыркүйектегі № 438 хатына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 11.09.2008 г. № 10/1-04 (Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 4 қаңтарда 14-14-42 - нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда «Шамшырақ» газетінің 4-5 нөмірінде ресми жарияланған), 2008 жылғы 11 ақпандағы «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы № 3/2-04 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4/1-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 ақпандағы 14-14-48 -нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпанда «Шамшырақ» газетінің 13-14 нѳмірінде ресми жарияланған), 2008 жылғы 23 сәуірдегі «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы № 3/2-04 шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 6/1-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 сәуірдегі 14-14-50 -нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 28 сәуірде «Шамшырақ» газетінің 36-37 нѳмірінде ресми жарияланған), жылғы 27 маусымдағы «Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3/2-04 шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 8/1-04 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 маусымдағы 14-14-55-нѳмірмен тіркелген, 2008 жылғы 4 шілдеде «Шамшырақ» газетінің 54-55 нѳмірінде ресми жарияланған) мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Түлкібас ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) тармақшадағы:
1) кірістер - 3867716 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 399848 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3233 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 134119 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 3330516 мың теңге;
2)шығындар - 3875599 мың теңге;
3)операциялық сальдо - -7883 мың теңге;
4)таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
6)бюджет тапшылығы - -7883 мың теңге;
7)бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7883 мың теңге”.
2. Аудан әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 3582 мың теңге соммасында белгіленсін.
Аталған шешімнің 1,4 қосымшалары осы шешімнің 1,4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.