Әкімдіктің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікгі мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 14) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» № 683 қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әкімдіктің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 23.04.2008 г. № 97 (Әкімдіктің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (Аманкелді ауданының әділет басқармасындағы 2007 жылғы 7 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмері 9-6-52, «Аманкелді арайы» аудандық газетінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 12 нөмерінде жарияланған) № 46 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін. Осы қаулымен бекітілген «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» нұсқаулықтың 4 тармағының 16) тармақшасындағы «20 пайыз» деген сөз «10 пайыз» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.