Қолданыстағы ред. 27.12.2006 (Редакция 31298_305921.kaz)

2007 жылға арналған тіркелген жиынтық салық салу ставкасын белгілеу туралы от 27.12.2006 г. № 30-3 (2007 жылға арналған тіркелген жиынтық салық салу ставкасын белгілеу туралы)

0

2007 жылға арналған тіркелген жиынтық салық салу ставкасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 334 бабына, Қазақстан Республика Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 Қаулысына сәйкес және жоғарыда айтылған Кодекстің 393 бабында қарастырылған Бөрлі аудандық салық комитетінің тіркелген жиынтық салық салу ставкалары жайындағы ұсынымын негізге ала отырып Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2007 жылға арналған тіркелген жиынтық салық салу ставкасы келесі мөлшерде белгіленсін:

1

1) құмар ойындар өткізуге арналған ойын үстеліне жылдық есеппен 2300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 2511600 теңге;

2

2) бір ойыншығымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматына жылдық есеппен 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 87360 теңге;

3

3) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматына (электрондық рулетканы қоспағанда) жылдық есеппен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 109200 теңге;

4

4) электрондық рулеткаға жылдық есеппен 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 141960 теңге;

5

5) тотализатор кассасына жылдық есеппен 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 141 960 теңге;

6

6) Букмекерлік кеңсе кассасына жылдық есеппен 130 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 141960 теңге;

7

7) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматына жылдық есеппен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 21840 теңге;

8

8) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін ұтыс ақшасыз бір ойын автоматына (электрондық рулетканы қоспағанда) жылдық есеппен 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 27300 теңге;

9

9) ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютерге жылдық есеппен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 21840 теңге;

10

10) ойын жолына жылдық есеппен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы- 109200 теңге;

11

11) картинг қызметіне жылдық есеппен 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 109200 теңге;

12

12) бильярд үстеліне жылдық есеппен 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 65520 теңге;

13

13) лото ұйымдастырушыға жылдық есеппен 90 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 1 жылға сомасы – 98280 теңге;

2

2. Осы шешім қолданылып жүрген заңдарға сәйкес күшіне енеді.