«Қорғалжын ауданында 2007 жылы халықты жұмыспен қамту және осы жөнінде шаралар мен нысаналы топтың адамдарын аңықтау жөнінде»
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-11 заңының 7 бабы негізінде, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында, нысаналы топқа кіретін, әлеуметтік көмекті аса қажет ететін адамдарды анықтау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қорғалжын ауданында 2007 жылы халықты жұмыспен қамту және осы жөнінде шаралар мен нысаналы топтың адамдарын аңықтау жөнінде» от 01.02.2007 г. № 14 («Қорғалжын ауданында 2007 жылы халықты жұмыспен қамту және осы жөнінде шаралар мен нысаналы топтың адамдарын аңықтау жөнінде»)
1. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабын басшылыққа алып, жұмыссыздардың нысаналы тобының құрамы анықталсын.
2. Нысаналы топ бір жылдан артық жұмыс істемейтін 24 жасқа дейінгі жастармен және туберкулезбен ауырғандарға, олар емдеудің толық курсын өткеннен кейін жұмысқа орналасуға жәрдемдесуден толықтырылсын.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы топтың адамдарын қабылдай алатын кәсіпорындар мен ұйымдарды анықтасын
4. Ауыл округтерінің әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммімен бірлесе отырып нысаналы топтың адамдарын жұмыспен қамту шараларын дайындасын.
5. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық газетте жариялануы тиіс.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.