2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы от 18.01.2007 г. № 14 (2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы)
1. 2007 жылы жұмыссыз азаматтарға кәсіпорынмен ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін (қосымша).
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол шаруашылық және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі ретінде «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алуға ұсыныс жасалсын.
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 460 «2006 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Сельхозэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесін бекіту туралы» (тіркеу № 9-15-26, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 2 ақпанда № 5 жарияланған), қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің
2007 жылғы 18 қаңтардағы
№ 14 қаулысына
2- қосымша
Орман өрттерін сөндіруді басқару жөніндегі ауданның жедел құрамы
Соқытбаев Мейрам Аманжолұлы - аудан әкімінің орынбасары, ауданның төтенше жағдайлар
жөніндегі комиссия төрағасы;
Көлбеков Сапабек Кенжетайұлы - «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
Ковальчук Александр Николаевич - «Меңдіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
Құрпасов Батырхан Ыбырайұлы - «Боровской ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша);
Филипенко Федор Иванович - Қостанай облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялык - құтқару жұмыстары кызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы Меңдікара ауданының № 22 ӨСБ бастығы (келісім бойынша).