2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмысты қаржыландыру және ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 08.02.2007 г. № 30/2 (2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 260 жұмыссыздар үшін мекемелермен келісім-шарт бойынша қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың саны бекітілсін (1 қосымша).
3. Қоғамдық жұмыс түрлері бекітілсін (2 қосымша)
4. Мақсатты топтағы жұмыссыздар үшін толық еңбек ақы төлемімен 24 сағаттық (36 сағат және одан әрі) жұмыс аптасын және оралымды жұмыс кестесін қарастырсын:
төрт және одан да артық кәмелетке толмаған асыраушысы бар көп балалы аналар;
3 топ мүгедектері;
дәрігерлік – кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтар.
5. 3 топ мүгедектері қатарындағы жұмыссыздар мен дәрігерлік кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтарды денсаулық жағдайларына байланысты медициналық мекемелер ұсынған қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
6. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға республикада белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес еңбек ақы белгіленсін.
7. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға 6 айға дейін қатысу мерзімін ұзарту үшін қаржы қарастырсын.
8. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
9. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 8 ақпандағы
«2007 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 30/2 қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатысатын
жұмыссыздардың саны
№
Селолық
округтардың
атауы
Жұмыс беруші – лердің аты – жөні
Қоғамдық
жұмысқа
жіберілетін
жұмыссыз -
дар саны
Шығын
сомасы
(мың
теңге)
1
Восточный селолық округ
Омаров Қ.С.
25
690,0
2
Жамбыл селолық округі
Айтуғанов Н.Ғ.
30
690,0
3
Қазы селолық округі
Жазитов Б.Қ.
10
230,0
4
Қызылағаш селолық округі
Шотова С.Ш.
10
230,0
5
Қызыләскер селолық округ
Тағлымов Т.Ғ.
15
414,0
6
Лебяжі селолық округ
Халлемов С.Т.
53
860,0
7
Майқарағай селолық округ
Айғазинов А.Р.
15
414,0
8
Малыбай селолық округі
Дюсенов Е.Қ.
25
690,0
9
Шарбақты селолық округі
Нұрғалиев Р.Қ.
15
414,0
10
Шақа селолық округі
Сейтебаев Қ.Б.
2
55,0
11
Ямышево селолық округі
Омаров М.Ә.
30
860,0
12
Аудандық ұйымдар мен кәсіпорындар
30
863,0
13
Барлығы:
260
6410,0
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 8 ақпандағы
«2007 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 30/2 қаулысына 2 қосымша
2007 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері
1. Елді мекендерді көркейту;
2. Коммуналдық меншікті, мәдени – әлеуметтік маңыздағы объектілерді, тұрғын үйлерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары, құрылысына қатысу;
3. Иесіз объектілерді және коммуналдық меншік объектілерін қорғау;
4. Тұрмыстық және тұрғын үй коммуналдық қызмет саласындағы жұмыстарға қатысу;
5. Зиянкестерге қарсы күрес бойынша профилактикалық іс шаралар;
6. Жасыл желектер отырғызу және елді мекендерді көгалдандыру;
7. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімге шақыру науқанын өткізуге көмек көрсету;
8. Малдарды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыстарына көмек көрсету.