Қолданыстағы ред. 26.02.2007 (Редакция 32365_315896.kaz)

2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы от 26.02.2007 г. № 52 (2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы)

0

2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сиппаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13 -бабына сәйкес, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау және ауданның экономика мен инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2007 жылға арналған Меңдіқара ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).

2

2. Селолық округтердің әкімдері2007 жылғы 1 наурызға дейін:

1

1) көктемгі кезеңде су тасқынын болдырмау, ауданның экономика мен инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін және бекітсін:

2

2) су тасқынына қарсы іс-шаралар да іске асыруға бақылау жөніндегі комиссияны құрсын.

3

3. Теңгерімінде су қоймалары, бөген мен бөгеттері бар ұйымдар басшыларына ұсынылсын:

1

1) олардың кезектен тыс қарауын өткізу, авариялык тастауларды жібермеу жөніндегі шараларды көздеу;

2

2) су тасқыны өту кезеңіне басшылар мен авариялық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілеу, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз ету.

4

4. «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Меңдіқара ауданы әкімдігінің резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыллр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 300000 (үш жүз мың) теңге бөлу ұсынылсын.

5

5. Меңдіқара ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына су таскынына қарсы іс-шаралар өткізу бойынша жұмыс жүктелсін.

6

6. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 92 «2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» (2006 жылғы 15 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-31, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 6 сәуірде № 15 жарияланған), қаулысының күші қойылды деп есептелсін.

7

7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Соқытбаевқа жүктелсін.

8

8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

13