Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Зандарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 04.06.2008 г. № 161 (Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің "Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2008 жылгы 1 сәуірдегі N 105 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-9-60 болып тіркелген, 2008 жылгы 08 мамырдағы аудандық "Отырар алқабы" газетінде жарияланган) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармақшасындағы аудандық шақыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Ештай Ғалымжан Жайлауханұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісім бойынша);
Түкібай Сабира - аудандық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
тиісті комиссия құрамынан Таубаева Нұржамал және Ыбраев Мұхит Мамырханович шығарылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Жандарбеков Қажымұқан
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Құдайберген Төрехан
Маханбетханұлы аудандық
медициналық бірлестігінің бастығы