«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін үйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы №14 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін үйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы №14 қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 26.02.2008 г. № 110 («Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін үйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы №14 қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы №14 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлерін ұйымдастыру туралы» (Аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 21 қаңтарында №10-8-60 болып тіркелген, 2008 жылдың 13 ақпанында №14 «Тіршілік тынысы» газет баспасында жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) аталған қаулының 2 қосымшасымен бекітілген қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер тізбесіне:
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік кәсіпорны» және «Қызылорда қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалы» мемлекеттік мекемелермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.