Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандагы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының, Жарма ауданының прокурорының 2008 жылғы 11 тамыздағы № 7-937-08 наразылығы негізінде, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандагы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 21.08.2008 г. № 253 (Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандагы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № 66 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
15 қосымшаның 7 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, өтініш жасаған адамдарды түрғылықты жері бойынша жұмыссыздар ретінде тіркейді.»
15 қосымшаның 7 тармағының 2) тармақшасы алынып тастылсын.
15 қосымшаның 12 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет алу үшін, оның ішінде жеңілдігі бар тұлғаларға қажетті құжаттар мен талаптар тізбесін көрсету:
1) мұрағат анықтамалары, аумақтық бірлік әкімдерінің анықтамалары;
2) еңбек кітапшасы;
3) оқу орнын бітіргені туралы диплом;
4) әскери билет;
5) туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік.»
18 қосымшаның 6 тармағының 1) тармақшасы толықтырылсын:
«ішкі істер органдарының, үлттық қауіпсіздік органдарының басшылары және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған азаматтар»
21 қосымшаның 6 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1966-1990 жылдары жер асты ядролық жарылыстар жүргізілген кезенде осы аймақтарда тұрған, еңбек еткен немесе қызмет өтеген азаматтар, зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төленсін.»
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының жетекшісі М.Кәрімовке жүктелсін