Қолданыстағы ред. 18.01.2008 - 01.01.2008 (Редакция 37355_345388.kaz)

«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 18.01.2008 г. № 48 («Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бюджет Кодексі және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 5-тармағы 1) тармакшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын ескере отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы»
2007жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 (мемлекеттік тіркеу 9-16-59, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 1 «Науырзым») шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1-қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 649583 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 93683 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 567 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 270 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша- 555063 мың теңге;
оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 23434 мың теңге;
дамудағы мақсатты трансферттер - 57552 мың теңге;
субвенциялар - 474077 мың теңге.
2) шығындар - 653570,9 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 3987,9 теңге.
2008 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер ескерілсін:
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафон және мультимедиялық кабинеттерді құруға 5548 мың теңге;
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде интерактивтік жүйені оқытуды енгізуге 2773 мың теңге;
- төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын төленетін жәрдемақыларды төлеуге 9513 мың теңге, оның ішінде:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 724 мың теңге;
- аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына төленетін мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 8789 мың теңге;
- электрондық үкімет аясындағы адами капиталға - 1793 мың теңге;
- мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға - 459 мың теңге;
- мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы 41900 мың теңге;
- инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру - 5000 мың теңге.
Бюджет дефициті - 3987,9 мың тенге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының бос қалдықтарын тарту есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 3987,9.
2008 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізімі 1, 2, 4-қосымшаларга сәйкес бекітілсін.
3-қосымша өзгеріссіз қалдырылсын.

2

2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3

4

5