Қолданыстағы ред. 05.11.2008 (Редакция 42288_218543.kaz)

Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі «Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 05.11.2008 г. № 474 (Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі «Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)

0

Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі «Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №563 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы
«Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» №623 Қаулысына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2008 жылгы 3 сәуірдегі «Азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және казан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-49 санмен тіркелген, 2008 жылдың 18 сәуірінде аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
2-тармағында «Қисықов Нұрлыбек Айдарұлы - Аудандық ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары»- деген сөздер «Көлбаев Мәулен Андақұлұлы - Аудандық ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары»-деген сөздермен ауыстырылсын.
3-тармағында «Аудандық медицина бірлестігіне (Н.Орманов - келісім бойынша)»-деген сөздер «Аудандық медицина бірлестігіне (А.Ақшалов - келісім бойынша)»-деген сөздермен ауыстырылсын.
10-тармағында «Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мамытбековке жүктелсін»-деген сөздер «Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін»- деген сөздермен ауыстырылсын.

2

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Түлкібас аудандық
медицина бірлестігінің бастығы
А.Ақшалов
«5» қараша 2008 жыл