«Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес, «Меңдіқара ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты туралы» Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 ақпандағы № 225 шешімімен бекітілген Меңдіқара ауданының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау үшін Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 11.11.2008 г. № 310 («Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 166 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 7 мамырдағы № 166 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-81, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2008 жылғы 29 мамырдағы № 23 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан, жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
педагогикалық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 2 студентіне -2008 жылы 183664 теңге мөлшерінде;
медициналық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 1 студентіне -2008 жылы 164336 теңге мөлшерінде».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.