Қолданыстағы ред. 29.05.2008 (Редакция 40152_238252.kaz)

Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесін анықтау туралы от 29.05.2008 г. № 1410 (Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесін анықтау туралы)

0

Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен
қамту үшін кәсіпорындардың тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабы , Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30 , 33-баптарын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31 бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықталсын (қоса беріліп отыр).

2

2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы
ұйымдардың басшылары орындалған жұмыстардың қаражатын қалалық бюджетке ай сайын аударсын. Орындалған жұмыстардың ақысы ұйымның қолданыстағы бағалары бойынша анықталсын.

3

3. "Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігнің 2008 жылғы 12 сәуірдегі № 975 қаулысы жойылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.

5

5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енеді.

6

Қостанай қаласы
әкімдігінің қаулысының
2008 жылғы 29 мамырдағы
№ 1410 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі
р/с№
Кәсіпорын атауы
Жұмыс түрлері
1
"Тұрғын үй-эксплуатациялық
қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
аумақты көріктендіру;
жайларды жинау;
арту-түсіру жұмыстары
2
"СТИКС" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
аумақты көріктендіру;
жайларды жинау;
арту-түсіру жұмыстары