Қолданыстағы ред. 29.05.2008 (Редакция 40564_355490.kaz)

2008 жылы Шортанды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 29.05.2008 г. № А-2/99 (2008 жылы Шортанды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)

0

2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылдың 1 сәуіріндегі Жарлығы негізіңде 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шортанды ауданында мерзімді әскери қызметке және әскерге жіберу 2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1990 жылы туған және шақыру мерзімін ұзарту уақыты аяқталған шақыру жасы үлкен азаматтарды шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. Аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3

3. 2008 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі 2 қосымшаға және 2008 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Шақыруды жүргізу уақытына Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - ММ) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 5 адамнан тұратын техникалық қызметкерлерді (келісімі бойынша) бөлсін.

5

5. Селолық (ауылдық) округтер, Шортанды, Жолымбет және Научный кенттерінің әкімдері, ұйымдар басшылары, ауданның оқу бөлімдерінің басшылары шақыру комиссиясына шақырылушылардың келуін және оларды автокөлікпен шақыру пунктіне жетуін, шақыру комиссияларының кестесіне сәйкес облыстық бақылау медициналық комиссиясына, әскерге жіберілуін қамтамасыз етсін.

6

6. Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісімі бойынша):

1

1) медициналық куәландыруды жүргізу үшін шақыру пунктін қажетті тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен қамтамасыз етсін;

2

2) шақыру комиссиясын қажетті медициналық мүліктер және құралдармен қамтамасыз етсін;

7

7. Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» ММ (келісімі бойынша) азаматтарды стационарлық тексеруді жүргізу үшін мақсатты тағайындаудағы қажетті төсек санын бөлсін.

8

8. Ақмола облысының ішкі істер Департаментінің «Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы (келісім бойынша):

1

1) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне бұрын сотталған, қылмыстық жазасын өтеп жатқан, қоғамға жат және басқа қылмыстары үшін сот және тергеу жүріп жатқан шақырылушылар туралы хабардар етсін;

2

2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылғандарды шақыру уақытына және әскерге жіберу уақытына шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

9

9. Шортанды ауданының «Қаржы бөлімі» ММ шақыруды жүргізуді қаржыландыруды 2008 жылға көзделген жергілікті бюджет көлемінде қамтамасыз етсін.

10

10. Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 10 маусымында №1-18-31 тіркелген, (№22 «Вести» аудандық газетінде 2007 жылғы 16 маусымында және №15 «Өрлеу» газетінде 2007 жылғы 16 маусымында жарияланған) аудан әкімдігінің «Шортанды ауданында 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» 2007 жылғы 31 мамырындағы №А-2/80, Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 18 қыркүйегінде № 1-18-38 тіркелген, (№36 «Вести» аудандық газетінде 2007 жылғы 22 қыркүйегінде және №29 «Өрлеу» газетінде 2007 жылғы 22 қыркүйегінде жарияланған) аудан әкімдігінің «Шортанды ауданында 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2007 жылғы 2 қыркүйегіндегі №А-2/118 қаулылары күшін жойған деп танылсын.

11

11. Осы қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 9 сәуірінде туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

12

12. Қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан өткен соң қолданысқа кіреді.

13

13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.

18. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Шортанды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «09» сәуір
№ А-1/65 қаулысына
1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Асылбеков Ержан Сансызбайұлы
капитан, Шортанды ауданының қорғаныс істері бөлімінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы
Азденбаева Роза Қапезқызы
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әшімов Шыңғыс Бауржанұлы
лейтенант, «Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орынбасары
Иманбаева Райхан Булатқызы
дәрігер-терапевт, Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің «Шортанды аудандық емханасы» МКҚК, медициналық комиссияның төрайымы
Айтымова Зауреш Елеусызқызы
рентген-лаборант, Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды аудандық емханасы» МКҚК, аудандық шақыру комиссиясының хатшысы

19. 2008 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі

Шортанды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «09» сәуір
№ А-1/65 қаулысына
2 қосымша
2008 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі

п/п
Селолық (ауылдық) округтер және кенттердің атауы
Азаматтар саны
Шақыруды өткізу күндері
09 сәу­ір 2008 жы­лы
10 сәу­ір 2008 жы­лы
11 сәу­ір 2008 жы­лы
14 сәу­ір 2008 жы­лы
15 сәу­ір 2008 жы­лы
16 сәу­ір 2008 жы­лы
17 сәу­ір 2008 жы­лы
18 сәу­ір 2008 жы­лы
05 ма­мыр 2008 жы­лы
07 ма­мыр 2008 жы­лы
14 ма­мыр 2008 жы­лы
21 ма­мыр 2008 жы­лы
04 мау­сым 2008 жы­лы
18 мау­сым 2008 жы­лы
1
Андреевка
15
15
2
Бозайғыр
31
31
3
Дамса
34
34
4
Жолымбет
37
37
5
Казцик
28
28
6
Научный
10
10
7
Новокубанка
30
30
8
Новоселовка
16
16
9
Петровка
25
25
10
Пригородное
20
20
11
Раевка
23
23
12
Шортанды
49
14
13
15
7
қорытынды
318
47
50
46
47
43
37
48

20. 2008 жылғы қараша-желтоқсан азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі

Шортанды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «09» сәуір
№ А-1/65 қаулысына
3 қосымша
2008 жылғы қараша-желтоқсан азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі

п/п
Селолық (ауылдық) округтер және кенттердің атауы
Азаматтар саны
Шақыруды өткізу күндері
01 қа­зан 2008 жы­лы
02 қа­зан 2008 жы­лы
03 қа­зан 2008 жы­лы
06 қа­зан 2008 жы­лы
07 қа­зан 2008 жы­лы
08 қа­зан 2008 жы­лы
09 қа­зан 2008 жы­лы
10 қа­зан 2008 жы­лы
13 қа­зан 2008 жы­лы
22 қа­зан 2008 жы­лы
29 қа­зан 2008 жы­лы
05 қа­ра­ша 2008 жы­лы
12 қа­ра­ша 2008 жы­лы
03 жел­тоқ­сан 2008 жы­лы
17 жел­тоқ­сан 2008 жы­лы
1
Андреевка
19
19
2
Бозайғыр
42
42
3
Дамса
39
39
4
Жолымбет
42
42
5
Казцик
34
34
6
Научный
15
15
7
Новокубанка
38
38
8
Новоселовка
21
21
9
Петровка
25
25
10
Пригородное
29
29
11
Раевка
28
28
12
Шортанды
53
8
10
12
12
11
қорытынды
385
50
46
42
49
48
37
43
50
11