Мүгедектер үшін 2008 жылға
арналған жұмыс орындары
квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы
Занының 7-бабы 5-2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
31 бабы 1-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына
сәйкес және статистикалық мәліметтердің негізінде Рудный қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедектер үшін 2008 жылға арналған жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы от 01.07.2008 г. № 996 (Мүгедектер үшін 2008 жылға арналған жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы)
1. Рудный қаласы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш
пайыз мөлшерінде 1500 жүмыс орнымен мүгедектер үшін 2008 жылға арналған
квота белгіленсін.
2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квотаға сәйкес жүмыс орындарына
жұмысқа орналастыруға жәрдемдебу бойынша шаралар қолдансын.
3. Жүмыс берушілер мүгедектер үшін жүмыс орындарының белгіленген
квотасын орындауды қамтамасыз етсін.
4. Әкімдіктің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1822 «Мүгедектер үшін
2008 жылға арналган жүмыс орындары квотасын белгілеу туралы» қаулысы
жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары
А.А. Ишмүхамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.