"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗ"Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 779
- Қабылданған күні
- 10.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2011 · қолданыстағы 45313_217067.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LF000121
- ЭКБ идентификаторы
- 45313
- Редакция идентификаторы
- 45313_217067
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:25
0 "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 24 наурыздағы N 10-6-120 болып тіркелген, 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 27 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 3-тармағындағы "қаулыларының күші жойылды деп танылсын" деген сөздер "қаулылары жойылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
1-тармақтағы "қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған" деген сөздер "қайтыс болған соғысқа қатысушылардың екінші рет некеге тұрмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"телефон байланысы (Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктермен кепілдіктер жағынан соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға беріледі)."
7-тармақтағы "аудан бюджетінен" деген сөздер "тиісті бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
6-тармақтағы "аудан бюджетінен" деген сөздер "тиісті бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшадағы Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесінде:
тақырыбындағы "күші" деген сөз алынып тасталсын.