Қолданыстағы ред. 01.01.2010 (Редакция AI43896_1.kaz)

2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы от 09.01.2009 г. № 22 (2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы)

0

2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» N 836 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және ұйымдардың тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі(Ш.Отыншиев) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.

3

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.

4

4. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Утегенов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.

5

5. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Жолдасқа жүктелсін.