Қолданыстағы ред. 22.12.2008 (Редакция AI44184_0.kaz)

2009 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесін бекіту туралы от 22.12.2008 г. № 243 (2009 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесін бекіту туралы)

0

2009 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңдарына сәйкес және Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 03 наурыздағы N 46 - Қ «Мұнайлы аудандық халықты жұмыспен қамтудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс - шаралар жоспары туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі және еңбек ақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.

3

3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ж.К.Тұманбаева
22 желтоқсан 2008 жыл

4

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
22 желтоқсандағы 2008 жыл
N 243 қаулысына
қосымша
2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субьектілерінің тізбесі және еңбек ақы мөлшері.
N
Мекемелер атауы
Әлеумет- тік жұмыс орын (адам)
Ең төменгі еңбек ақысы
Жұмыс мерзі-мі
Қаржы- ландыру  көзі
1
«Казпочта » Акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы
10
1,0
1 жылға дейін
Аудандық бюджет
2
«Мұнайлы-Тұрмыс» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
5
1,0
1 жылға дейін
Аудандық бюджет
3
«Маңғыстау-жылу» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
5
1,0
1 жылға дейін
Аудандық бюджет
4
«Маңғыстау энерго» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
2
1,0
1 жылға дейін
Аудандық бюджет
5
«Ауыл газ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
1
1,0
1 жылға дейін
Аудандық бюджет
6
Маңғыстау селолық ауруханасы
2
1,0
1 жылға дейін
Аудандық бюджет
Барлығы:
25