Жылыой ауданы бойынша 2009 жылға тіркелген салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Салық кодексінің 422 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, аудандық мәслихаттың кезекті VIII сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жылыой ауданы бойынша 2009 жылға тіркелген салық ставкалары туралы от 24.12.2008 г. № 8-9 (Жылыой ауданы бойынша 2009 жылға тіркелген салық ставкалары туралы)
1. Жылыой ауданы бойынша 2008 жылға тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 19 желтоқсан 2007 жылғы N 3-7 "Жылыой ауданы бойынша 2008 жылға ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы" (мемлекеттік тіркеу саны 4-2-85, 25 қаңтар 2008 жылы 4 "Кең Жылыой" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 8-9
шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес 2009 жылға тіркелген салық ставкалары
Р/с
Салық салынатын объектілердің атауы
Тіркелген салық ставкалары бір айға (айлық есептік көрсеткіш) 2009 жылы
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
15
5
Карт
6
6
Бильярд үстелі
5
Айлық есептік көрсеткіш – Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.