2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және олардың көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Халықты жұмыспен қамту туралы ” заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы “Халықты жұмыспен қамту туралы” N 836 қаулысын басшылыққа алып, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және олардың көлемдерін бекіту туралы от 09.02.2009 г. № 51 (2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және олардың көлемдерін бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға Маңғыстау ауданы бойынша ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және қаржыландыру көздері бекітілсін /қосымша/.
2. Қоғамдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру Маңғыстау ауданының село әкімдеріне және жіберілетін ұйымдарға ұсынылсын.
3. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа сұранысына қарай жедел жіберілуін ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне /С.Қайымова/ міндеттелсін.
4. Қоғамдық жұмысқа арналған бюджеттік қаржы шығындарын жоспарлау және қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөліміне /Р.Шабикова/ тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.