2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
ҚАЗ2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-128
- Қабылданған күні
- 15.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2010 · қолданыстағы 48848_213706.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DL000133
- ЭКБ идентификаторы
- 48848
- Редакция идентификаторы
- 48848_213706
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:16
0 2010 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 2-10-714 хатының негізінде, Қаратал аудандық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін елді мекендер, өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына берілген автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 2010 жылға 50 пайызға жоғарылатылсын.
2
2. 2010 жылға ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 40 пайызға жоғарылатылсын.
3
3. Қаратал аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-99 "2009 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 10 маусымында 2-12-108 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 19 маусымында аудандық "Қаратал" газетінің 26 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
4 4. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қаратал ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы:
Алтынхан Кемалшанұлы Нұрланов
15 қазан 2009 жыл