2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
ҚАЗ2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 234-ХХV
- Қабылданған күні
- 23.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2012 · қолданыстағы 50373_172257.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09TH000179
- ЭКБ идентификаторы
- 50373
- Редакция идентификаторы
- 50373_172257
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:38
0 2010 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2390 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Салық Кодексінің 378-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және 383-бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары 2010 жылда 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" (аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 28 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-137 енгізілген, 2009 жылы 12 ақпанда аудандық "Серпер" үнжариясының 7 нөмірінде жарияланған), 2009 жылғы 12 мамырдағы № 171-ХVІІІ "Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы (аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 9 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-8-150 енгізілген, 2009 жылы 11 маусымда аудандық "Серпер" үнжариясының 24 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
Н. Аленов - Аудан бойынша салық
басқармасының бастығы