Қолданыстағы ред. 23.05.2011 (Редакция AI50627_1.kaz)

2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы от 25.01.2010 г. № 57 (2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы)

0

2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Ілесов) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. 2010 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі

Шардара ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 25 қаңтардағы
№ 57 қаулысымен бекітілген
2010 жылға қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам
1
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдері, ауылдық округтер әкімдері аппараттары
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
100
2
Қала әкімінің аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Ағаштар отырғызу, қаланы көріктендіру жұмыстарына жәрдемдесу
314
3
Аудан әкімінің аппараты, аудандық білім бөлімі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық білім беру ұйымдары
Әлеуметтік мәдени маңызы бар нысандарды, үйлерді салуға
және жөндеуге қатысу
10
4
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Шардара аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық қорғаныс істері бөлімі, Шардара аудандық соты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
28
5
Аудан әкімінің аппараты
Іс жүргізу жұмыстарына көмектесу
6
6
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Шардара аудандық бөлімшесі
Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жұмыстарына жәрдемдесу
6
7
Шардара аудандық әділет басқармасы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстары бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу
6
Барлығы:
470