Қолданыстағы ред. 08.02.2010 (Редакция AI50850_0.kaz)

2010 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы от 08.02.2010 г. № 54 (2010 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы)

0

2010 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2010 жылға арналған нысаналы топтардағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы шаруашылық субьектілердің тізімі бекітілсін. (Қосымша)

2

2. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі (М.Қыдырқожа) аудандық бюджеттен 2010 жылға қаралған қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

3

3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.

4

4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.