Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)

Қаулы · № 93 · қабылданған 26.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-87070/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний) Қолданыста Қаулы ·№ 93 ·26.02.2015
08.07.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)

Қолданыста Қаулы ·№ 93 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
93
Қабылданған күні
26.02.2015
Көрсетілген редакция
08.07.2015 87070_71170.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000093
ЭКБ идентификаторы
87070
Редакция идентификаторы
87070_71170
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:24

0

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының
24), 25) тармақшаларын және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды;

2 2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді тиімді пайдалануын мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2 2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және

063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 93 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес әзірленді.

2

2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай:

1 1) 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;

2

2) 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламалары (бұдан
әрі – ағымдағы нысаналы трансферттер) бойынша пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

3 3. Вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

Вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1 1) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация жүргізуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен

(бұдан әрі – Министрлік) халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін келісуді қамтамасыз етеді.

3 3. Профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

5

5. Ағымдағы нысаналы трансферттер профилактикалық дезинсекция (елді мекеннің аумағында, сондай-ақ қажет болған жағдайда елді мекенге іргелес аумақта жәндіктерді жою) және дератизация (елді мекеннің аумағында, сондай-ақ қажет болған жағдайда елді мекенге іргелес аумақта кеміргіштерді жою) жүргізуге бөлінеді.

6

6. Дезинсекцияға қарсы препараттарды, сондай-ақ профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.

7

7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікпен профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін келісуді қамтамасыз етеді.

4 4. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша қаражатты пайдалану

8 8. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының негізінде жүргізеді.

9

9. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша үнемдеу сомасын Министрлікпен келісу бойынша пайдалануға құқылы.

10 10. Қандай да бір облыс және Астана мен Алматы қалалары

019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне нысаналы трансферттердің сомаларын 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізеді.

Қолданыстағы