Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год

Қаулы · № 205 · қабылданған 21.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2015-ekb-93084/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год Қолданыста Қаулы ·№ 205 ·21.07.2015
21.07.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год

Қолданыста Қаулы ·№ 205 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2015 год
Атауы (қаз.)
2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
205
Қабылданған күні
21.07.2015
Көрсетілген редакция
21.07.2015 93084_276204.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15M0002807
ЭКБ идентификаторы
93084
Редакция идентификаторы
93084_276204
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:01

0 2015 жылға арналған басым

ауыл шаруашылығы дақылдардың
тізбесін және субсидиялардың
нормаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.

2 2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):

осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3

3. «2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Маңғыстау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 144 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2732 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ А.С. Мамытбеков
21 шілде 2015 жыл.

6 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 21 шілде
№ 205 қаулысына
қосымша
2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
(1 гектарға)

р/с
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдардың атауы
Субсидиялар нормалары, теңге
1
Көкөніс және бақша дақылдары (дәстүрлі технология)
20 000
2
Көкөніс және бақша дақылдары (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару )
72 000
3
Қорғалған топырақта өнеркәсіптік жылыжайларда өсірілетін көкөністер
(1 дақыл айналым)
3 500 000
4
Қорғалған топырақта фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөністер
(1 дақыл айналым)
1 300 000

Қолданыстағы