Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы городского округа Зайсан Зайсанского района

Өзге акт · № 15-17/9 · қабылданған 24.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-165546/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы городского округа Зайсан Зайсанского района Қолданыста Өзге акт ·№ 15-17/9 ·24.12.2021
24.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы городского округа Зайсан Зайсанского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 15-17/9 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы городского округа Зайсан Зайсанского района
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданы Зайсан қала округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15-17/9
Қабылданған күні
24.12.2021
Көрсетілген редакция
24.12.2021 165546_579501.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21VK15179M
ЭКБ идентификаторы
165546
Редакция идентификаторы
165546_579501
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:46

0 Зайсан ауданы Зайсан қала округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер кодексінің» 15-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Зайсан ауданы Зайсан қала округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Зайсан ауданы Зайсан қала округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Зайсан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 15-17/9 шешіміне қосымша
Зайсан ауданы Зайсан қала округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Зайсан қала округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар (бұдан әрі – Жоспар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелді), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 тіркелді) сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөптерге деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үдерісінің алдын алу мақсатында қабылданады.
Жоспарда көрсетіледі:

1 1) Жерлердің санаттары, жер телімдерінің меншік иелері және құқық белгілеуші құжаттардың негізінде жер пайдаланушылары бойынша Зайсан қ.о. аумағында жайылымдардың орналасу картасы (1 қосымша);

2 2) Жайылым айналымының қолайлы схемалары (2 қосымша);

3 3) жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары, соның ішінде маусымдық жайылымдық инфрақұрылым нысандары белгіленген карта (3 қосымша);

4 4) суды тұтыну нормасына сәйкес құрастырылған жайылым пайдаланушыларының су көздеріне (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру арналары, құбырлы және шахталық құдықтар) қолжетімдік схемасы (4 қосымша);

5 5) жайылымдары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы мал бастарын жайғастыру және оларды ұсынылған жайылымдарға ауыстыруүшін жайылымдарды қайта бөлу схемасы (5 қосымша);

6 6) ауылшаруашылығы малдарының жайылуы мен жүруінің маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану бойынша күнтізбелік график (6 қосымша).

Отарлы мал шаруашылығы үшін табиғи-климаттық жағдайлардың сай келмеуіне байланысты және көктемгі-жазғы-күзгі жайылымдар ретінде мал жаю режимі тағайындалған геоботаникалық деректерге байланысты Зайсан қ.о. жеке және заңды тұлғалардың отарлы жайылымдарында ауылшаруашылығы мал бастарын жайғастыру схемасы қарастырылмаған.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеу күйі туралы 1983 жылғы мәліметтерді, жеке және заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы мал бастарының саны туралы деректерді ескере отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Зайсан қ.о. 1 елді мекен бар.
Зайсан қ.о. аумағының жалпы ауданы қордағы жерлерді есептегенде – 18508 га, соның ішінде: егіндік жерлер – 4180 га, тыңайған жерлер – 394 га, шабындықтар – 2641 га, жайылымдар– 8586 га; бақшалар – 33,0 га; өзге жерлер – 2674 га.
Мал жаю үшін жарамды санаттары бойынша жер былай бөлінеді:
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер– 4375 га;
Елді мекендердегі жерлер – 4211 га.
Климаттық жағдайы бойынша ауданның аумағы тау маңы аймағына жатады. Климаты күрт континентальды. Жылына орташа есеппен 230-250 мм жауын-шашын түседі. Жауын-шашынның максималды мөлшері жаз мезгілінде түседі. Топырақ жамылғысы шалғындық ақшыл сарғылт топырақты.
2021 жылғы 1 қаңтардағы күйі бойынша Зайсан қ.о. (тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығы және шаруашылықтардың және шаруа қожалықтары мен ЖШС-ң мал басы) 12690 ірі қара мал бар, олардың арасында: төлдейтін мал 6108 бас, қойлар мен ешкілер 10721 бас, жылқылар 3865 бас (1-кесте).
Зайсан қ.о. ауылшаруашылығы малдарының қалыптасқан табындар, отарлар түрлері бойынша былайша бөлінді:
25 табын ірі қара мал;
7 отар ұсақ малдар;
5 табын жылқы.
Зайсан қ.о. 3 ветеринарлық-санитарлық нысан жұмыс жасайды, олардың ішінде 2 мал қорымы, 1 ветеринарлық пункт бар.
Зайсан қ.о. малды айдауға арналған сервитуттар орнатылмаған.
1-кесте

Ел­ді
Ме
кен
дер
Тұр­ғын­дар
Ш/қ және ЖШС
Бар­лы­ғы
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
Бар
лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын сиыр
лар
Бар
лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын сиыр
лар
Бар
лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын сиыр
лар
Зай­сан
қ.о.
7928
4167
5059
590
4762
1941
5662
3275
12690
6108
10721
3865
1
Зай­сан
қ-сы
7928
4167
5059
590
Ауылшаруашылығы малдарын Зайсан қ.о. бойынша жайылымдық алқаппен қамтамасыз ету үшін барлығы 4375 га, елді мекендердің маңында 4211 га жайылымдар бар.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес елді мекендерде 4211 га жайылымдық алқап бар екенін ескере отырып, төлдейтін (сауын) ауылшаруашылығы мал басы бойынша жергілікті елді мекендер (Зайсан қаласы) үшін 27085,5 га жайылым қажет (2-кесте).
2-кесте

Ел­ді ме­кен
Жай­ы­лым­дар­дың ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар (ба­сы)
1 мал ба­сы­на шақ­қан­да жай­ы­лым­дар­ды пай­да­ла­ну нор­ма­сы(га)
Жай­ы­лым­дар­дың­қа­жет­ті­лі­гі (га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­тығы (га)
1
Зай­сан қ-сы
4211
4167
6,5
27085,5
-22874,5
-
Жайылымдардың 22874,5 га көлеміндегі қалыптасқан қажеттілігін қордағы жерлерге және орман қорына тұрғындардың мал жаюы арқылы толықтыруға болады.
Жергілікті тұрғындарға басқа ауылшаруашылығы малдарын жаю үшін 68510 га көлемінде жайылымдық жер қажет, бір ірі қара мал басының жүктемесі 6,5 га/бас, қойлар мен ешкілер – 1,3 га/бас, жылқылар – 7,8 га/бас (3-кесте).
3-кесте

Ел­ді
ме­кен­дер
Тұр­ғын­дар­дың мал ба­ста­ры
1 мал ба­сы­на шақ­қан­да жай­ы­лым­дар­ды тұ­ты­ну нор­ма­сы(га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі (га)
ІҚМ
ҰМ
Жыл­қы
лар
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
Бар­лы­ғы(га)
1
Зай­сан қ-сы
3761
5059
590
6,5
1,3
7,8
24446,5
6576,7
4602
35625,2
Жайылымдардың 35625,2 га көлеміндегі қалыптасқан қажеттілігін Зайсан ауданының қордағы жерлеріне және орман қорына тұрғындардың ауылшаруашылығы жануарларын жаюы арқылы толықтыруға болады.
Зайсан қ.о. ЖШС мен шаруа қожалықтарында: ірі қара мал - 4762 бас, қойлар мен ешкілер – 5662 бас, жылқылар – 3275 бас.
ЖШС мен шаруа қожалықтарының жайылымдарға деген қажеттілігі 62066,6 га құрайды, оны Зайсан ауданының қордағы жерлеріне және орман қорына малды жаю арқылы толықтыру қажет (4-кесте).
4-кесте

Округ­тың ата­уы
Ауда­ны (га)
Түр­ле­рі бой­ын­ша мал­дар (бас)
1 мал ба­сы­на шақ­қан­да­ғы тұ­ты­ну нор­ма­сы(га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі (га)
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы
лар
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы
лар
Бар­лы­ғы (га)
1
Зай­сан қ.о.
1792
4762
5662
3275
6,5
1,3
7,8
30953
7360,6
25545
63858,6
Жайылымдық жерлерді қажетсінуді төмендету үшін және оларды ұтымды пайдалану үшін Зайсан қ.о. ЖШС мен шаруа қожалықтарына тыңайған жерлерді пішен шабу үшін бір жылдық жемшөптерді егуге, тамырлық мелиорацияны жүргізуге (топырақтың беткі қабатын қопсыту және жапырылған жайылымдарға көп жылдық шөптерді егу), қыс мезгілінде пішен мен пішендемені дайындау үшін олардың шығымдылығын арттыру мақсатында шабындық учаскелерге көп жылдық шөптерді егуге кеңес беріледі. Жергілікті тұрғындарға ауыл шаруашылығы малдарының бір бөлігін көктем-жаз-күз мезгілінде жайылымдық жерлердің жүктемесіне сәйкес шаруа қожалықтарына мал жаю үшін беруге кеңес беріледі.

10 Зайсан қ.о. бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
1 қосымша

11 Зайсан қ.о. бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
2 қосымша

12 Зайсан қ.о. бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
3 қосымша

13 Зайсан қ.о. бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
4 қосымша

14 Зайсан қ.о. бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
5 қосымша

15 Зайсан қ.о. бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
6 қосымша
Ауылдық округ
Басымөсімдіктер
Орташа шығымдылығы, ц/га, құрғақ масса
Малдарды жайылымдарға шығару мерзімі
Малдарды жайылымнан қайтару мерзімі
Зайсан қ.о.
Жусанды өсімдіктер
4,9
сәуір – мамыр
қыркүйек-қазан
Бұталы-шымды-астықтұқымдас – бозды-бетегелі өсімдіктер
5,1
маусым
тамыз
Бозды-бетегелі өсімдіктер
9,4
сәуір - мамыр
қыркүйек-қазан
Ірісабақты-астықтұқымдас – бозды-бетегелі өсімдіктер
8,9
сәуір- мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы