Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Алакольскому району на 2023 – 2024 годы

Өзге акт · № 6-1 · қабылданған 08.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-2024-ekb-186708/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Алакольскому району на 2023 – 2024 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 6-1 ·08.06.2023
08.06.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Алакольскому району на 2023 – 2024 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 6-1 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Алакольскому району на 2023 – 2024 годы
Атауы (қаз.)
Алакөл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-1
Қабылданған күні
08.06.2023
Көрсетілген редакция
08.06.2023 186708_745981.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23ID00061M
ЭКБ идентификаторы
186708
Редакция идентификаторы
186708_745981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:28

0 Алакөл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 13) тармақшасына және «Жайылым туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Алакөл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданыдық мәслихатының «Ауыл шаруашылығы, экология, көлік және байланыс, құрылыс индустриалды-инновациялық және энергетикалық инфроқұрлымның дамуы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қабаевқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алакөл аудандық мәслихатының

2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 6-1 шешіміне қосымша
Алакөл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы Алакөл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алакөл ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1 қосымша);
2) қолайлы жайылым айналымы схемасы (2 қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген карталарын (3 қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемаларын (4 қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемаларын (5 қосымша);
6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемаларын (6 қосымша);
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7 қосымша);
7-1) жергілікті жағдайларға мен ерекшеліктеріне қарай жеке қосалқы шаруашылығындағы ауылшаруашылық жануарларын жаюға халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аумақтарын көрсететін картасын (7-1 қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін - жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттер туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды, малды айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтер және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынатын өзге де мәліметтер.
Аудан 1928 жылдан бастап Алакөл ауданы болып құрылды. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 1 қала 23 ауылдық округтен, 56 ауылдық елді мекеннен тұрады.
Алакөл ауданының жалпы көлемі – 2367,267 мың гектар;
Жерлер категория бойыншакелесідей бөлінеді:
Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер – 1063,671 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер – 894,186 мың гектар, шабындық жерлер - 51,748 мың гектар.
Елді мекен жерлері - 59,363 мың гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналған өзге де жерлер -22,963 мың гектар;
орман қорының жерлері – 245,221 мың гектар;
табиғи қорық жерлері-168,985 мың гектар;
су қорының жерлері - 794 мың гектар;
босалқы жер қоры – 808,560 мың гектар.
Алакөл ауданының климаты континенталды. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150-260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350-550 мм.Қаңтардың орташа температурасы -12-16°С, шілдеде +18+23°С.
Жазық даласы жартылай шөлейтті сұры-қоңыр топырақтан, ал тау бөктері ашық-қоңыр, қара топырақтан тұрады.
Аудан аумағында Тентек, Шынжылы, Жаманты, Қызылтал, Ырғайты өзендері ағып жатыр.
Аудан аумағында өсімдіктердің 110 түрі тараған. Оның 25 тұқымды түрге және 85 гүлді өсімдіктерге жатады. Ең көп таралған үш тұқымдастар: дәнді, күрделі гүлділер және бұлдырлар.
Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/гектарды құрайды.
Жайылымдар азықтарының қоры жайылымдық кезеңде 180-210 күн ұзақтығымен пайдаланылады.
Бір ауылшаруашылық малына тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу әдістемесіне 6-қосымшаның 10-кестесіне сәйкес айқындалады.
2023 жылдың 1 қаңтарына Алакөл ауданында 74354 ірі қара мал, 219989 ұсақ мүйізді мал, 32828 жылқы, 118 түйе, 835 шошқа, 110282 құс бар.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің жол берілетін шекті нормасын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 172 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы" құрғақ даладағы 1 басқа жүктеме нормативі: ірі қара мал – 8,5 гектар, қой мен ешкі – 1,7 гектар, жылқы – 10,2 гектар, түйе-11,9 гектар.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Алакөл ауданында 1 қала 23 ауылдық округтер, 56 ауылдық елді - мекендер орналасқан.
Санаттар бөлінісінде Алакөл ауданы аумағының жалпы ауданы мың ( га )
№ п/п
Жер ка­те­го­ри­я­сы
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де жай­ы­лым
1
Аумақ­тың жал­пы кө­ле­мі: со­ның ішін­де
2 367 267
2
Ауыл ша­ру­а­шы­лығ жер­ле­рі
1 063 671
894 186
3
Ел­ді ме­кен
59 363
4
Өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс және бас­қа да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы емес мақ­сат­та­ғы жер­лер
22 963
5
Ор­ман қо­ры жер­ле­рі
245 221
6
Су қо­ры­ның жер­ле­рі
794
7
Босал­қы жер­лер
808 560
8
Та­би­ғи қо­рық жер­ле­рі
168 985
Ауылдық округтер бөлінісінде ауданның жер пайдалануы мың ( га )
№ п/п
Округ ата­уы
Ауыл ата­уы
Аумақ­тың жал­пы кө­ле­мі
в том чис­ле
Бү­кіл егіс ал­қа­бы
Ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­дің жер­ле­рі
Ауыл ша­ру­а­шы­лығ жер­ле­рі
Босал­қы жер­лер және ар­найы қор жер­ле­рі
Бас­қа­лар
1
Үша­рал қа­ла­лық окру­гі
Үша­рал
49765
2783
49753
1271
2746
МТФ
12
12
2
До­стық ауыл­дық окру­гі
До­стық
553
553
СТ-Жа­ла­ңа­шкөл
27
27
СТ-Көк­тұ­ма
28
28
3
Бес­көл ауыл­дық окру­гі
Бес­көл
4440
683
3757
251
319
Бұ­лақ­ты
9236
1444
7192
77
2668
Қа­ра­тұ­ма
45
45
РЗД-Сай­хан
8
8
РЗД-Пя­тый
7
7
РЗД-13
16
16
4
Ыр­ғай­ты ауыл­дық окру­гі
Көк­тұ­ма
82664
953
81711
5535
Ақ­ши
11652
1835
9817
1937
5
Жай­пақ ауыл­дық окру­гі
Жай­пақ
13738
4977
8761
349
2968
6
Қай­нар ауыл­дық окру­гі
Қай­нар
8524
2077
6447
974
1784
7
Ақ­тү­бек ауыл­дық окру­гі
Ақ­тү­бек
22449
2010
20439
1061
2214
8
Ын­та­лы ауыл­дық окру­гі
Ын­та­лы
22185
32
22153
1702
3176
9
Қа­мысқа­ла ауыл­дық окру­гі
Қа­мысқа­ла
5613
4981
632
2
Ала­көл
6071
3959
2113
10
Жа­ға­тал ауыл­дық окру­гі
Қа­зақ­стан
46659
1401
45258
1211
4024
Бе­са­ғаш
9677
1025
8652
110
1896
11
Жа­на­ма ауыл­дық окру­гі
Жа­на­ма
21676
2067
19609
209
1345
Ескі Жа­на­ма
23
23
Қа­ра­бұ­лақ
14400
1265
13135
53
2246
12
Ең­бек­ші ауыл­дық окру­гі
Ең­бек­ші
49952
5486
44466
811
1547
13
Ар­қар­лы ауыл­дық окру­гі
Ар­қа­рыл
66101
3254
62847
874
53
14
Қы­зы­ла­шы ауыл­дық окру­гі
Жұ­ма­хан Ба­ла­па­нов
33199
2569
30630
1624
5612
15
Қа­бан­бай ауыл­дық окру­гі
Қа­бан­бай
32018
677
31341
513
5736
Жам­был
20735
49
20686
650
1836
16
Те­ректі ауыл­дық окру­гі
Те­ректі
36974
735
36239
325
3777
Тал­ды­бұ­лақ
4845
249
4596
220
772
17
Ек­пін­ді ауыл­дық окру­гі
Ек­пін­ді
53626
513
53113
234
5676
Қар­лы­ғаш
7993
305
7688
210
611
Ұш­қай­ын
7279
276
7003
305
209
18
Жы­лан­ды ауыл­дық окру­гі
Жы­лан­ды
57060
962
56098
1815
Ашім
3607
236
3371
Кө­к­жар
5675
302
5373
150
Май­қын
5653
316
5337
102
Шы­н­жы­лы
7497
494
7003
19
Ақ­жар ауыл­дық окру­гі
Ақ­жар
7176
532
6644
4187
Қо­ңыр
1536
583
953
79
293
Ма­лай­шат
3788
314
3474
85
1511
20
Са­пақ ауыл­дық окру­гі
Са­пақ
182700
883
181817
98
3690
Биба­қан
5944
380
5564
159
2005
21
То­қ­жай­лау ауыл­дық окру­гі
То­қ­жай­лау
63857
1876
61981
5032
3439
22
Үш­бұ­лақ ауыл­дық окру­гі
Ұш­бұ­лақ
19032
768
18264
1831
683
Ке­ңес
2929
194
2735
100
534
Ай­па­ра
11873
188
11685
23
Леп­сі ауыл­дық окру­гі
Леп­сі
13503
2165
11338
357
1329
Шым­бұ­лақ
4938
478
4460
35
574
Жүн­жү­рек
5537
175
5362
5
578
Бай­зе­рек
5517
466
5051
10
982
24
Коль­бай ауыл­дық окру­гі
Коль­бай
30009
830
29179
733
2374
Әлем­ді
10615
241
10374
414
1123
Бұ­дыр
6921
57
6864
37
868
Қы­зыл­қай­ын
22694
588
22100
100
1798
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Алакөл ауданы бойынша барлығы 894186 га жайылымдық жер бар. Елді мекен шегінде 98264 га жайылым бар, босалқы жерлерде 808560 га жайылымдық жерлер бар.
Ауылдық округтерде мал басының өсуіне байланысты жеке аулаларда 52803 га жайылымдық жерлер жетіспейді.
Осы проблемаларды шешу үшін-мемлекеттік қордан жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану және елді мекендердің жерлері есебінен жайылым алаңдарын ұлғайту қажет, сонымен қатар қордағы жерлердің құрамынан тыңайған жерлерді басқа (жайылымдар) санаттағы жерлерге ауыстыру қажет. Бұл жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына тарту үшін бұл жерлерді мал жаю үшін жайылымдармен қамтамасыз етілмеген адамдарға бөлу қажет. Жайылымдардан жем - шөп қоры ұзақтығы 180-210 күн болатын жайылым кезеңінде пайдаланылады. Шабындықтардан жем қоры қора кезеңінде пайдаланылады.
Ветеринариялық-санитариялық обьектілер туралы мәлімет
Аудан бойынша ауылдық округтер бөлінісінде ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер ( кестеде ) көрсетілген.
№ р/н
Округ ата­уы
Жа­сан­ды ұрық­тан­ды­ру пунк­ті
Мал қо­рым­да­ры
Сі­бір жа­ра­сы кө­мін­ді­ле­рі
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пунк­тер
1
Үша­рал қа­ла­лық окру­гі
1
1
1
2
До­стық ауыл­дық окру­гі
1
1
3
Бес­көл ауыл­дық окру­гі
1
1
1
4
Ыр­ғай­ты ауыл­дық окру­гі
1
5
Жай­пақ ауыл­дық окру­гі
1
1
6
Қай­нар ауыл­дық окру­гі
1
1
1
7
Ақ­тү­бек ауыл­дық окру­гі
1
1
8
Ын­та­лы ауыл­дық окру­гі
1
1
9
Қа­мысқа­ла ауыл­дық окру­гі
1
1
10
Жа­ға­тал ауыл­дық окру­гі
1
1
11
Жа­на­ма ауыл­дық окру­гі
2
3
6
1
12
Ең­бек­ші ауыл­дық окру­гі
1
1
1
1
13
Ар­қар­лы ауыл­дық окру­гі
1
1
1
14
Қы­зы­ла­шы ауыл­дық окру­гі
1
1
1
15
Қа­бан­бай ауыл­дық окру­гі
1
1
3
1
16
Те­ректі ауыл­дық окру­гі
1
1
1
17
Ек­пін­ді ауыл­дық окру­гі
1
1
1
18
Жы­лан­ды ауыл­дық окру­гі
1
1
1
19
Ақ­жар ауыл­дық окру­гі
1
1
1
20
Са­пақ ауыл­дық окру­гі
1
21
То­қ­жай­лау ауыл­дық окру­гі
1
1
1
22
Үш­бұ­лақ ауыл­дық окру­гі
1
1
1
23
Леп­сі ауыл­дық окру­гі
1
24
Коль­бай ауыл­дық окру­гі
2
1
1
1
Алакөл ауданында 75 ветеринариялық-санитарлық объектілер әрекет етеді. Оның ішінде: 21 мал қорымы, 21 сібір ошағы, 22 ветеринариялық пункт, 2 мал емдеу орындары, 9 ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пунктер.
Жайылымдардың өнімділігі мен шөп құрамын жақсарту мақсатында жайылым айналымы ұйымдастырылады. Жайылым айналымы - шөпті жаңарту мен жақсарту бойынша басқа да іс-шаралармен бірлескен жеке учаскедегі жылдар бойынша малды бағу, демалу және шөп оруды кезекшілеу тәсілімен жайылымдар өнімділігін арттыруға бағытталған жайылымды пайдалану және оған күтім жасау жүйесі.
Жайылымдардың өнімділігін арттыруда табын мен отар учаскелерін, жазғы лагерьлердерін, су кешендерін және мал айдайтын жолдарды орналастырудан тұратын олардың аумағын дұрыс ұйымдастыру маңызды рөлге ие.
Табиғи жайылымдарда (№ 7 кестеде) көрсетілген келесі мерзімдерімен төрт танапты жайылым айналымын ұйымдастыру қарастырылады.
Мал айдау жолдарының ені жануарлардың түрлеріне, табын мен отардың көлемі, сонымен бірге топырақтың механикалық құрамы, шөптің қалыңдығы және эрозиялық процесстердің деңгейіне байланысты. Мал айдау жолдарын жол желісімен біріктіруге тыйым салынады, әсіресе аудандық және облыстық жолдармен.
Алакөл ауданы бойынша мал айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген . Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орын ауыстыру) уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары сызбасы (1,3,6,7.1-қосымшада) көрсетілген.

6 Алакөл ауданы бойынша

2023-2024 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 7- қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Жыл­дар
Жай­ы­лым­дар­дар­ға мал­дар­ды ай­дап шы­ға­ру және жай­ы­лым­дар­дан қай­та­ру мер­зім­де­рі
Көк­тем
Жаз
Күз
Қыс
2023
На­урыз ай­ы­ның I-ші он күн­ді­гі Ма­мыр ай­ы­ның II –ші он күн­ді­гі
Ма­мыр ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі Қа­зан ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі
Қа­зан ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі Қа­ра­ша ай­ы­ның III-ші он күн­ді­гі
Қа­ра­ша ай­ы­ның III-ші он күн­ді­гі На­урыз ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі
2024
На­урыз ай­ы­ның I-ші он күн­ді­гі Ма­мыр ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі
Ма­мыр ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі Қа­зан ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі
Қа­зан ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі Қа­ра­ша ай­ы­ның III –ші он күн­ді­гі
Қа­ра­ша ай­ы­ның III-ші он күн­ді­гі На­урыз ай­ы­ның II-ші он күн­ді­гі
Жайылымдық кезең ұзақтығы топырақтық-климаттық аймақ зонасына байланысты, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты біркелкі құрғақ - селеулі - бетегелі – жусанды далада 180-210 күнді құрайды.
Бұл жағдайда жайылымның ұзақтығы мүйізді ірі қара, ұсақ мүйізді малдар, жылқы және түйелер үшін максималды қар жамылғысын қалыңдығымен тереңдігіне және басқа да факторларға байланысты. Көктемде жайылымның басталуы шөптің қайта өсуі басталғаннан кейін екі аптадан кешіктірмей және жайылым мерзімдерінің аяқталуы белгілі бір жылдың климаттық жағдайларына байланысты болады және ерте немесе кеш мерзімге ауыстырылуы мүмкін. Бұл шаралар жайылымдардың деградациясының және жел эрозиясының алдын алады. Алакөл ауданы аумағындағы жайылымдық жерлерді негізгі пайдаланушылар ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Елді мекендер тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарлары елді мекендердің, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерінде және босалқы жерлерде жайылады.
Суару артезиан ұңғымалары мен құдықтармен жабдықталған суару науаларынан тікелей жүргізіледі.
Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспар
Ескерту: аббревиатураның шешуі:
га - гектар;
ºС - Цельсия көрсеткіші;
мм - миллиметр;
см - сантиметр;
а/о - ауылдық округ

Қолданыстағы