Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Казталовского районного маслихата от 22 апреля 2016 года №3-4 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Казталовском районе»

Өзге акт · № 4-4 · қабылданған 22.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no3-4/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Казталовского районного маслихата от 22 апреля 2016 года №3-4 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Казталовском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-4 ·22.06.2016
13.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Казталовского районного маслихата от 22 апреля 2016 года №3-4 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Казталовском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-4 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Казталовского районного маслихата от 22 апреля 2016 года №3-4 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Казталовском районе»
Атауы (қаз.)
Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі №3-4 «Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-4
Қабылданған күні
22.06.2016
Көрсетілген редакция
13.02.2020 104260_444031.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZH004469
ЭКБ идентификаторы
104260
Редакция идентификаторы
104260_444031
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:40

0 Казталов аудандық мәслихатының

2016 жылғы 22 сәуірдегі №3-4 «Казталов
ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңдарына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі №3-4 «Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4396 тіркелген, 2016 жылғы 17 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңдарына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңдарына сәйкес әзірленіп және Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни рәсімдеу талаптары), ол жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.»;
8-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, республиканың аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;»;
10-тармақтың 1) тармақшасы орыс тілінде өзгертіледі, мемлекеттік тілде мәтіні өзгертілмейді.

2 2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы